Ұлттық ұлан сарбаздары Миялы ауданына көмекке келді

5181
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Атырау облысының Миялы ауданында көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін аталмыш ауданға Ұлттық ұланның “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің 60-қа жуық сарбазы табиғи апаттың салдарын болдырмау мақсатында төтенше шараларға жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта құқықтық тәртіп әскері қаптарға құм толтырып, су басу қаупі жоғары аймақтарға жеткізу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бұл іс-шара өзендер мен су арналарының деңгейі көтерілуіне байланысты су тасқынының алдын алуға бағытталған.

Айта кету керек, су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылған әскери қызметшілер барлық қажетті керек-жарақтармен, жылы киімдермен, сондай-ақ қосымша түскі және кешкі аспен қамтамасыз етілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -