Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз мейрамы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерін мерекемен құттықтап, сыйластық ниетте шапан жапты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сондай-ақ, көнекөзге әскери бөлімнің әйелдер кеңесінің қолынан әзірленген наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Тоқсан тоғыз жастағы ардагер Өскемен қаласы, Согра кентінің тұрғыны Макар Харинде әскери қызметшілердің жылы ілтипатына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ардагерлердің ерлігі мен еңбегін құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз. Өйткені олардың жанқиярлығы мен қайсарлығы бізге бейбіт өмір сыйлады. Сондықтан майдангердің ерлігін ұмытпауымыз керек. Керісінше ұлықтауымыз тиіс 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі майор Нұрбек Жукубаев
Айта кетейік, Макар Родионович 1926 жылы Алтай өлкесіндегі Чарыш ауданы, Маралиха ауылында дүниеге келген. 1943 жылы қарашада әскер қатарына шақырылып, Жаңасібір облысы Бердск қаласына жіберілді. Жас жауынгер атқыш ретінде курстық дайындықтан өтіп, әрімен қарай Эстонияға аттанады. Қанмайданда минометші және мерген болған азамат жаудың көзін жояда ерен ерлік үлгісін көрсете білді. Ардагер ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен, сонымен қатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.