«Сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі ұландарды мерекемен құттықтады

5247
Фотосурет: «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

Көктемнің ұлы мерекелерінің бірі төл жаңа жылымыз Әз-наурыз мерекесі келіп, ағайын-бауырмен көрісіп, ұлан асыр той жасап мерекелеп жатқан жұртымыздың ішінде Ұлттық ұланның ел қорғаған жауынгерлері де бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызметтен тыс уақытта ұлық мерекенің шарапатын сезініп, бірі-бірі құттықтап, ән айтып, ұлттық киімдерімізді киініп, ұлттық ойындардан сайыс өткізіп жатқан 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін құттықтауға арнайы «Сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Муминова Шарифа ханым келді.

Жауынгерлермен көрісуге келген қонақты бөлім командирі подполковник Сакибеков Нұрлан күтіп алды. Алдымен сарбаздардың жағдайын білу үшін жөн сұрасты. Кейін Шарифа ханым әскери қызметшілерімізді Наурызбен құттықтап, бауырсақпен тәттілерден дайындалған мерекелік дастарханнан дәм татты.

«Сіздерді көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың да сергіп, жаңаратын тамаша уақыты. Мерекемен бірге қайта түлеп, күш жинап, елдің артқан аманатына адал болып, аман-есен отбасыларыңа оралуларыңа тілектеспін, мереке құтты болсын!» Деп ақ ниетін білдірді қонағымыз 

Сарбаздардың демалыс күні Әз-Наурызға арналған мерекелік концертпен жалғасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025