23 наурыз - Тазару күні: Ұландық сарбаздар балалар үйі аумағын қардан тазартты

5478
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

23 наурыз күні елімізде Тазару күні атап өтілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл күні тазалық жұмыстары мен көмек көрсету акциялары ұйымдастырылады.

Осы маңызды датаға орай, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының 15 сарбазы Астана қаласында орналасқан «SOS Астана балалар ауылына» арнайы барып, аумақты қардан тазартты.

Білекті сарбаздар әп-сәтте жол жиектерін ретке келтіріп, үйілген қарды шығаруға септігін тигізді.

Біз осында балалар үйінің аумағын қардан тазарту үшін келдік. Бұл – біздің қоғамға, әсіресе балаларға деген қамқорлығымыздың бір көрінісі. Өзіміздің міндетімізді абыроймен атқарып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық Деді қатардағы сарбаз Айбек Баратов

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жауынгерлердің жасаған еңбегін жоғары бағалап, өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын білдірді. Бұл шара балалар үшін ғана емес, сарбаздар үшін де маңызды сәт болды. Әскери қызметкерлер мен балалар арасында жақын қарым-қатынас орнап, бір-біріне жылулық пен қамқорлық сезімі пайда болды.

Мұндай қайырымдылық шараларының қоғамдағы маңызы зор, себебі олар жастарды ізгілікке тәрбиелеуге, сонымен қатар қоғам мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -