Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса көшкін қауіпті аудандар болып табылады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көктемде көшкін белсенділігі күшейетіндіктен, бұл кезең ең қауіпті болып саналады. Бұл ретте оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердегі биік таулардағы қар көшкіні жағдайы қауіпті.
Бұл өңірлерде көшкін белсенділігі наурыз-сәуір айлары аралығында артуы мүмкін, осы кезде көшкіннің өздігінен түсуі жиі кездеседі. Бұл әсіресе температураның күрт ауытқуы, қалың қар жаууы және қарлы боран болуы мүмкін биік таулы аймақтарға қатысты, бұл көшкін қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін.
Көктемнің басталуымен Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауларында көшкіндердің жиі өздігінен түсуі байқалады.
Мәселен қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 11 754 м3 болатын 35 өздігінен түскен қар көшкіні тіркелді.
Ал ең қауіпті аймақтарда тұрғындар мен туристер үшін тәуекелдерді азайту мақсатында алдын алу шаралары, соның ішінде қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілді.
Халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінінің 94 профилактикалық түсуі жүргізілді, түскен қардың жалпы көлемі шамамен 131 151 м3 құрады.
Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Сондықтан адам шығынын болдырмау, қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға баратын әрбір адам таудағы және қар көшкіні кезіндегі негізгі жүріс-тұрыс ережелерін үйренуге міндетті.
ТЖМ тау беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне және тауға бармауға, сондай-ақ тауға барудан бас тартуға кеңес береді.