Астанада сенбілік өтті: тұрғындар ауладарды тазалап, қоқыстарды жинады

4510
Фотосурет: Gov

Наурызнамның онкүндігі аясында елімізде Тазарту күні өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күн табиғаттың тазалығы мен қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне арналған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тазару күні – Наурызнама мерекелерінің онкүндігі аясындағы соңғы шара және мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды қолдауға, сондай-ақ азаматтар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

Сарайшық ауданындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары экологиялық акцияны қолдап, сенбілікке шықты. Олар аулаларын қардан тазартып, қоқыс жинады.

«Тазару күніне орай көршілерге үндеу жасадым. Тұрғындардың ұйымшылдығы мен ауызбіршілігінің арқасында барлығы бірігіп, сенбілікке шықты. Біздің негізгі ұранымыз – «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық». Біз бір-бірімізді тазалық сақтауға, сыйлауға шақырып отырамыз», - дейді МИБ төрайымы Мөлдір Култанбаева.

Осы үйдің тұрғыны Артур Мағзұмовтың ойынша, Наурызнама он күнмен ғана шектелмеуі керек.

«Наурызнаманы әркім өзінен бастауы керек. Әрбір тұрғын өзінің ауласына, айналасына тазалық жұмыстарын жүргізуі қажет. Экологиялық акцияға қосқан үлесіміз ретінде төрайымның үндеуін қолдап, атсалысып жатқан жағдайымыз бар. Бұл біздің қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға үлкен үлес қосады», - дейді Артур Мағзұмов.

Еске салайық, 14 наурыз күні басталған «Наурызнаманың» онкүндігі аясында Астанада көктемнің ұлық мерекесіне арналған 200-ден астам мерекелік іс-шара – концерттер, көрмелер, қойылымдар мен фестивальдар өттi.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -