Алтын-әлемдегі ең қымбат және сұранысқа ие металдардың бірі. Табиғатта ол сульфидтермен немесе басқа тау жыныстарымен байланысты бос күйде, өсінділерде кездеседі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл асыл металды тиімді өндіру үшін алтынның табиғи материалда болатын формалары мен мөлшері туралы ақпарат қажет. «ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы» «ВНИИцветмет» филиалының ғалымдары 0,01 г/т дәлдікпен бос алтынның мөлшерін ғана емес, олардың пішіндері мен өлшемдерін де анықтайды.
Бұл деректер бір ғана байыту фабрикасының ауқымында мысалы, «Қазмырыш» ЖШС, жылына 300 млн. теңгеге дейін үнемдей отырып, кенді қайта өңдеу процесін тиімді жоспарлауға және түзетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар бірқатар өндірістік міндеттерді шешуде іскерлік қатынастарды дамытты. ВНИИцветмет ғалымдарының ұсыныстары «Қазмырыш» ЖШС-не тек бір ғана байыту фабрикасы аясында жылына ~ 10-12 кг алтын шығынын болдырмауға көмектеседі.
Жыл сайын ВНИИцветмет отандық тапсырыс берушілердің әртүрлі кен орындарының кендеріндегі алтынды және оларды байыту өнімдерін анықтау бойынша жүзге жуық ұтымды талдаулар жүргізеді. Бұдан Қазақстанның алтын өндіру саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосылады.