Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда әскери делегациясы келді

4928
Фотосурет: Gov

Шетелдік делегацияның сапары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Руанда Республикасы Президентінің арнайы өкілі генерал-майор Жан Поль Ньирубутамамен қыркүйекте өткен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Руанда әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жұмыс кездесулеріне қатысты.

Тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы қолда бар әлеуетті атап өтіп, тең құқылы әріптестік қатынастарды орнатуға ниет білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -