Әскери қызметшілер Шымкентте көктемгі күн мен түннің теңелу күнін қарсы алды

5742
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қыстың аяқталуы мен көктемнің келуін белгілейтін мерекелік шараға Қарулы күштердің ардагерлері, бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен қонақтар қатысты.

Әскери қызметшілердің рухын көтеріп, мәдени-демалыс, спорттық шаралар арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған шара концерттік бағдарламамен басталып, ұлттық ойындармен жалғасты.

35748 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сергей Бибулатов құттықтау сөзінде тарих қойнауынан бізге жеткен бұл мереке түркі халықтары үшін дәстүрге айналғанын атап өтті. Ол ежелден табиғаттың қайта түлеп, гүлденуін бейнелейді.

Наурыз мейрамын тойлау - ұлттық бірегейлікті, отбасылық құндылықтарды сақтау, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыру. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын Сергей Бибулатов

Мерекелік дастархан қонақтарды дәстүрлі тағамдары мен тәттілерімен қуантты. Ал ең басты мерекелік тағамы – Наурыз көже болды.

Шара барысында әскери қызметшілер ұлттық киім киіп, киіз үйлерді тігіп, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Беташар» сияқты көріністер қойып, ұлттық салт-дәстүрдің байлығын паш етті, сондай-ақ жеке құрам арасында ұлттық ойындардан «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ», арқан тартыс, «Тоғыз құмалақ» ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Сайыстар қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025