Ұландықтар есірткісі бар адамды ұстады

2959
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірге қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.

- Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.

Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -