Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Астанада өрттің таралуына жол бермеді

4917
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, Орынбор көшесінде салынып жатқан нысанда шыққан өрттің өршуін болдырмады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери жасақ бастығы Ерасыл Төлеген мен патрульдеуші Бекзат Мерлатов, Диас Амангелді ең бірінші болып өртті байқап, бірден әскери жасақ кезекшісіне баяндады.

Одан соң ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрттің таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақты қоршауға алды.

Сонымен қатар әскери қызметшілер дереу өрт сөндірушілерді шақырды. Олар оқиға орнына жылдам жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады.

Ұландықтар мен өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды. Еске сала кетейік, мереке күндері құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметтерін күшейтілген режимде атқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -