Словения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

3047
Фотосурет: Аkorda

2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. 

Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді. 

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -