Прокуратура автосалондарды автокөлік сатып алу кезіндегі жасырын төлемдер үшін жазалады

4235
Фотосурет: @senivpetro / freepik.com

Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының автосалондары тарапынан тұтынушылар құқықтарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаланың бiрқатар автосалондары клиенттерге жүйелi түрде қосымша қызметтер (дабыл жүйесі, автоәйнектердi қараңғылау, төсенiштер және т.б. қосымша ақы төлеуге арналған жиынтықтауыштар) жүктеп, сол арқылы олардың құқықтары мен қолданыстағы заңды бұзып отырған.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Алматы қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС-ын 88 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-тармағымен (монополистік қызмет) әкімшілік жауаптылыққа тарта отырып, тергеу жүргізді.

Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленді.

Прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуге тыйым салынғанын түсіндіреді.

Егер сізге осындай бұзушылықтар туралы белгілі болса, сіз прокуратураға немесе басқа да уәкілетті органдарға хабарлай аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -