Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларды ерте кезеңде қолдау және оңалту жөніндегі алғашқы орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Қамқорлық» ерте араласу орталығы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында құрылған.
Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа мекемеге барып, мұнда дамуында ауытқуы бар балаларға, соның ішінде шала туған нәрестелерге кешенді қызмет көрсетілетінін көрді.
Орталық медициналық, әлеуметтік және білім беру қолдауын, сондай-ақ бірегей терапиялық кеңістікті ұсынады. Мұнда мамандар әр балаға жеке оңалту бағдарламасын әзірлейді. Жыл сайын орталық міндетті медициналық сақтандыру аясында 600-ге дейін баланы қабылдай алады.
Сонымен қатар, әкім жаңартылған емханамен және Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығын одан әрі жаңғырту жоспарларымен танысты.