Қазақстан мен Түркия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

3146
Фотосурет: Gov

Тараптар Қазақстанның көлік - логистика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Түрік тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.

Көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев инвесторлар үшін барлық қажет жағдай жасалатынын атап өтті.

Екіжақты кездесу соңында түрік тарапы «Çalık Holding» экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын, сондай-ақ ТХКБ әлеуетін арттыру аясында көлік саласындағы жобаларды неғұрлым өзекті деп санайтынын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -