Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұруәрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі.
Бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).
Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.
Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.
Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.