Спорт саласындағы заңнамалық өзгерістер: жаңа талаптар

3729
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Бүгін Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заңды қарады. Сондай-ақ олар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Отырыс барысында Палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарады. Аталған заң спорттың басым түрлерін айқындауға, оларды қаржыландыруға және дене шынықтыру және спорт субъектілерімен өзара іс-қимылға бағытталған. Сондай-ақ құжат нормалары дене шынықтыру және спорт саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді және ұлттық заңнаманы, оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

«Соңғы жылдарда елімізде спорт саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында спортты дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгін қаралған заң – спорт саласын басқаруды жетілдіру бағытында іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңда спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер қамтылды. Ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерінің қатарына қосылды. Спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін жетілдіруге арналған жекелеген түзетулер де енгізілді. Мақұлданған заң саламатты өмір салтын насихаттауға, азаматтарды, әсіресе, балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз»  Мәулен Әшімбаев 

Аталған құжатта ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымының қызметін заңның жеке бабында регламенттеу көзделген. Өзгерістер республикалық және өңірлік спорт федерацияларының мәртебесіне де әсер етеді. Нақты айтқанда, олар ұлттық спорт федерациялары болып өзгертіледі.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорттық білім беру ұйымдарының жаттықтырушы-оқытушылары үшін аптасына 18 сағаттық нормативтік оқу жүктемесі енгізіледі. Ал, Қазақстан азаматы болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Бұдан басқа, бірқатар салалық заңдардың заңнамалық актілердің мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын айқындау бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Сонымен қатар Палата отырысында сенатор Андрей Лукин депутаттық сауал жолдады. Ол жер ресурстарын пайдалануды мемлекеттік бақылау саласындағы проблемаларға назар аударып, аталған түйткілдерді жоюға қатысты нақты шаралар ұсынды. Оның ішінде Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетті тараптардың бірі оның аумақтық органдары болған сот актілеріне ай сайынғы мониторинг жүргізуге және анықталған бұзушылықтарды жедел жоюға міндеттеу жөнінде ұсыныс бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -