Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайында VI қысқы Спартакиада басталды

4510
Фотосурет: Gov

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төрт жылдықтың басты сайысына 6 облыс пен 2 қаладан 80 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Айтулы бәсекеде Астана қаласы атынан 23 спортшы бақ сынайтын болады.

Конькимен жүгіруден Астана қаласында VI Қысқы Спартакиаданың алғашқы жарыс күнінде елордалық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ерлер арасындағы 500 және 1000 метр қашықтықта елордалық Алтай Жардембекұлы күміс жүлдегер атанды.

Ал әйелдер арасында 500 және 1000 метр қашықтықта Кристина Силаева алтыннан алқа тақса, Дарья Важенина 39.35 көрсеткішпен күміс жүлде еншіледі. Сонымен қатар, 3000 және 1000 метрлік қашықтықта әйелдер арасында Елизавета Голубева алтын және күміс жүлде жеңіп алды. 5000 метрлік қашықтықта тағы бір отандасымыз Алдияр Төлегенов қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста елордалық спортшылар күміс жүлде еншіледі. Команда құрамында Еңлік Жардембекқызы, Алина Дәуренова, Диана Бачурина өнер көрсетті. Командалық жарыста ерлер құрамасы да күміс жүлдегер атанды. Құрама сапында Алдияр Төлегенов, Азамат Сәтқожа және Бақдәулет Сағатов болды.

Айта кетейік, дода 28 наурызға дейін «Алау» мұз айдынында жалғасады. Көрермендер үшін кіру тегін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -