Қазақстандағы жергілікті рейтингтік агенттіктер: миф немесе жақын болашақ?

4180
Фотосурет: SaiArLawKa2 / Shutterstock

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ және директордың орынбасары Адил Мамажанов «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» заң жобасы жайлы баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы рейтингтік қызметтер нарығын дамытуға кедергі келтіретін бірнеше негізгі факторлар бар: кредиттіктік рейтингтік агенттіктерінің қызметін реттейтін заңнаманың жоқтығы; жергілікті рейтингтік агенттіктер құру және олардың жұмыс істеуі үшін заңнамалық талаптардың болмауы; қазақстандық компаниялар, әсіресе орта бизнес үшін рейтингтік қызметтердің жоғары құны мен шектеулі қолжетімділігі.

Осыған орай, Агенттік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң жобасын әзірледі. Заң жобасында IOSCO (Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялардың ұйымы), Базельдік банктік қадағалау комитеті сияқты халықаралық ұйымдардың ұсынымдары, сондай-ақ, Еуропалық Одақтың директивалары ескерілді.

«Заң жобасы кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметінің келесі негізгі принциптерін қамтамасыз етуге бағытталған: объективтілік, тәуелсіздік, ашықтық, ресурстардың жеткіліктілігі, тұрақты қадағалау және есеп беру» Айдын Дәулетбақ

Құжатта рейтингтік агенттіктердің қызметіне қатысты Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері, белгіленген стандарттардың сақталуын бақылау, мүдделер қақтығысын басқару механизмдерін реттеу, сондай-ақ, рейтингтік агенттіктердің ақпаратты жариялау және корпоративтік басқару талаптары қарастырылған.

Заң жобасы 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту Концепциясын іске асыру аясында әзірленді. Оның қабылдануы кредиттік тәуекелдерді тәуелсіз рейтингтік бағалау институтының дамуына жағдай жасайды, бұл өз кезегінде қор нарығы құралдары арқылы бизнесті қаржыландыру механизмдерін кеңейтеді.

«Бұл заң жобасын қабылдау Қазақстанның қаржы секторын дамытудағы маңызды қадам болады. Ол халықаралық стандарттар мен ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін ашық әрі тиімді кредиттік рейтинг қызметтері нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді» Адил Мамажанов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -