Табиғи апаттардан қорғану қиын, алайда олардың салдарын сақтандыру арқылы азайтуға болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көлікті қорғау тәсілдерінің бірі – КАСКО ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (бұдан әрі – КАСКО).
КАСКО дегеніміз не?
Көп адам ойлайтындай, «КАСКО» – аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен шыққан (casco – исп.), «дулыға» дегенді білдіреді немесе голланд тілінен аударған кезде «корпус» деген мағынаны білдіреді. КАСКО – бұл сіздің көлігіңіздің зақымдануын жабатын ерікті сақтандыру, ал КҚИ АЖМС (жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады және сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.
Су тасқыны мен су басу кезінде КАСКО нені өтейді?
КАСКО сақтандыру полистерін сатып ала отырып, автокөлік иесі өзін ЖКО-дан ғана емес, сонымен қатар автомобильге зиян келтіруі мүмкін түрлі күтпеген жағдайлардан да сақтандырады. Мысалы, табиғи апат, су тасқыны немесе қатты жаңбыр болсын.
Автокөлікті ерікті сақтандырудың бұл түрі апаттар, ұрлау, өрт және табиғи апаттар сияқты әр түрлі күтпеген жағдайларда түрлі шығындардан немесе автокөліктің ұрлануынан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы жасалған шартқа сәйкес залалды өтеуге немесе автокөлікті жөндеуге міндеттенеді.
Қазақстандағы КАСКО стандартты бағдарламалары табиғи апаттардың барлық түрлерінен қорғауды қамтымауы мүмкін. Қорғауға сенімді болу үшін су тасқынына байланысты тәуекелдерді қамтитын кеңейтілген қамту шартын таңдау керек.
Маңызды: КАСКО шартын сатып алмас бұрын, тәуекелдер тізбесімен танысып, су тасқыны немесе су басу осы тізімге енгеніне көз жеткізу керек.
Егер Сізді онлайн-режимде сақтандыру шартын ресімдеу мүмкіндігі қызықтырса, Сіз шартты сақтандыру компанияларының ресми сайтында ресімдей аласыз, оларға сілтемелер https://www.mkb.kz/insurance/online орналастырылған.