Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қалалық қорғаныс істері жөніндегі депаратементінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев айтты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыздан бері қызу жүріп жатыр. Бірінші наурыздан бастап 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, психологиялық тесттерден және жеке әңгімелесуден өтуде. Осы жылдың көктемінде Шымкенттен 1000-нан астам ер-азаматты шақыру жоспарланған.
Бірінші кезекте Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін – Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.
Бүгіннің өзінде мегаполистен 130-ға жуық ер-азамат конституциялық борышын орындау үшін Шекара қызметіне аттанған. Олардың барлығы шақыру комиссиясының отырысынан өтіп, әскерге жарамды - деген шешім алған.
Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев атап өткендей, әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ал шақыру комиссиясын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары басқарады.
- Шақыру науқаны бекітілген жоспар бойынша өтеді. Азаматтар медициналық тексеру нәтижесіне, кәсіби-психологиялық іріктеуіне және денсаулық жағдайы мен дайындық деңгейіне байланысты әскерлерге бөлінеді. Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Қызмет аяқталғаннан кейін жастар қосымша артықшылықтарға, соның ішінде білім беру гранттарына ие бола алады, - деді департамент бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Сонымен қатар, брифинг барысында полковник Әбдіғабит Шегебаев өткен жылдың қорытындысын шығарды, оған сүйенсек 2024 жылы еліміздің мегаполисінен Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 2000-нан астам адам жіберілді.
- Өткен жылғы әскерге шақыру жоспары жүз пайыздан аса орындалды. Әскери қызметшілерге келесі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған:
Қызмет барысында және запасқа шыққаннан кейін 60 күнге дейін несиелік демалыс;
ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі;
Жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік куәлік алу; Запасқа шыққаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі, - деп атап өтті полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы әскерге шақыру жасындағы азаматтарға әскери қызмет әрбір жігіттің заңымен белгіленген міндеті екенін тағы да еске салды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, дәлелсіз себептермен келмегені үшін айыппұлдар, ал медициналық куәландырудан жалтарғаны үшін ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік заңды негіздер болмаған кезде қызметтен жалтарған жағдайда туындайды, бұл айыппұлдарға, түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға немесе тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін, - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, брифинг барысында сөз алған, «Қарулы күштер арлагерлері» РҚБ Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы оставкадағы полковник Серікбай Онбаев, қалада жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында арнайы орта білімі бар және оқудан және шынықтырудан өткен әскерге шақырылушылар санының артқаны атап өтілді. Атап айтқанда, тек өткен жылғы екі әскерге шақыру науқанында 400-ден астам орта білімі бар азаматтар әскерге кетті.
- Қаламыздан әскерге шақырып жатқан ер-азаматтарға айтарым, бүгінгі әскерле балдарымызға көп жақсы жағдайлар жасалған. Солардың ішінде сарбаз мектебін көргендерге келесі қамтамасыз етулермен қамтылады: Тамақтану; Киім-кешек; Жеке бас гигиенасы құралдары; Ай сайынғы ақшалай төлем; Медициналық қызмет; Пошталық жөнелтулерге жәрдемақы. Сонымен қатар, орта-техникалық немесе жоғары білім бар әскери қызметшілер 6 ай қызмет өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге құқылы, - деп атап өтті Серікбай Оңбаев.
Шымкентте шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады және барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде өткізіледі. Шақыру қағаздары әскерге шақырылушыларға тұрғылықты немесе жұмыс орны бойынша, сондай-ақ 1414 сервисінен SMS-хабарламалар арқылы жеткізіледі. Қызметті кейінге қалдыруды немесе босатуды жергілікті атқарушы органдар арқылы не электрондық үкімет порталында ресімдеуге болады.
Кейінге қалдыру процесі толығымен автоматтандырылған. Бұрын қағаз анықтамаларды ұсыну талап етілсе, енді студенттер туралы мәліметтер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне тікелей Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің базаларынан беріледі. Шетелде оқитын азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы студенттер ретінде тіркеле алады.