Президенттік орталықта Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы баяндамасының негізгі бағыттарын талқылауға арналған қонақ дәрісі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты Президенттік орталығында Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Вера Кимнің «Адал азамат – Адал еңбек» атты қонақтық дәрісі өтті. Дәріс 2025 жылғы 14 наурызда өткен IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған бастамалар мен жобаларды талқылауға арналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-нен астам адам қатысты.
«Мемлекет басшысы ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы барлық этностық топтар мен халықтардың бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бастамаларын жариялады, басты назар – көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына аударылды. Оның баяндамасында экономикалық трансформация және саяси реформалар мәселелері қозғалды. Президент экологияны қорғау мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану шараларына, соның ішінде жасыл энергетика жобаларына ерекше назар аударды, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тілін сақтау және насихаттау бастамаларын қолдады. Барлық осы идеялар неғұрлым әділетті және өркендеген қоғам құруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы позицияларын нығайтуға бағытталған», – деді өз кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.
«Адал адам – адал еңбек» – бұл Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтай отырысында айтқан мықты және әділетті қоғамның негізі. Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатқан кезде, біз үшін осы құндылықтарды сақтау, үлгі көрсету, өзгелерді адал, жауапты және лайықты өмірге шабыттандыру өте маңызды. Қазақстан дамудың жаңа кезеңінің алдында тұр. Президент Қ.К. Тоқаев белгілеген стратегиялық міндеттер бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Бұл жай ғана сын-қатер емес, сонымен қатар әрбір азаматтың еліміздің болашағына өз үлесін қосуына берілген мүмкіндік», – деді Мәжіліс депутаты Вера Ким өз сөзінде.
IV Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы барлық этностық топтар мен халықтардың бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бастамаларын жариялады, басты назар – көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына аударылды. Оның баяндамасында экономикалық трансформация және саяси реформалар мәселелері қозғалды. Президент сондай-ақ экологияны қорғау мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану шараларына, соның ішінде «жасыл» энергетика жобаларына ерекше назар аударды, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілін сақтау және насихаттау бастамаларын қолдады.