Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы қыс мезгіліндегі киік ұшалары бейнеленген жазба таралуда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мұндай жағдай бірқатар басқа аймақтарда да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды.
Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты.
Айта кету керек, өңірлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бекітілген алгоритмдері бар, жұмыс жедел штабтар арқылы жүзеге асырылады.
Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Мұны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері әкімдіктермен, ветеринариялық қызметпен, полиция және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізеді. Аталған жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 бірлік техника жұмылдырылды.
Биылғы жылдың басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды.
Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А.Грачевтің айтуынша: "Қалыпты жағдайда киіктердің жылсайынғы табиғи өлімі жалпы санның шамамен 20% құрайды, ал аталықтарының 50% - ы өлуімүмкін. Киік - өмір сүру уақыты қысқа, көбейуі жылдам дала жануары. Қатал қыста киік саны 40-50%-ға дейін азаюы мүмкін, әсіресе қыстың алдында көктемгі-жазғы құрғақшылық орын алған жағдайда. Қыс мезгілінде қардың қалың түсуіне орай, азық қорының азаюны байланысты жануарлар денесіндегі май қорын жоғалтады. Қазақстанның шөлді мен жартылай шөлді аумақтарында мұндай табиғи құбылыстар жиі байқалады, сәйкесінше бұл кейбір әлсіреген киіктердің өліміне әкеледі".
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда киіктердің жалпы саны 4,1 миллион басты құрайды, ҚазКСР кезеңіндегі ең көп саны 1,2 миллион басты құрады.