Қазақстанда салық қарызын үш рет басу арқылы тексеруге болады

4268
Фотосурет: freepik.com

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, eGov.kz электрондық үкімет порталында, Kaspi.kz мобильдік қосымшасында онлайн немесе оны аумақтық салық басқармасына немесе ХҚКО-ға барған кезде тексеруге болатындығын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты

Бұл салық төлемдерін тексерудің негізгі ресурсы. Сайтқа kgd.gov.kz сілтеме бойынша өтіңіз, авторизация қажет емес.

Әрі қарай келесі қадамдарды орындаңыз:

«Басты бет», «Электрондық қызметтер», «Бизнеске көмек», «Салық берешегінің жоқ / бар екендігі туралы мәліметтер» қойындыларынан өтіңіз.

Тиісті жолға ЖСН/БСН енгізіңіз.

Нәтижесінде сіз салықтардың түрлері мен олар бойынша берешек сомалары көрсетілген кестені көресіз.

Егер берешек болмаса, онда тиісті хабарлама пайда болады.

eGov.kz порталы

Қызметті алу үшін сайтқа кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

Өтінімді толтырыңыз және жіберіңіз, бұл ретте ЭЦҚ талап етілмейді. Қарыз туралы мәліметтер «Сұрау/Жіберу» батырмасын басқаннан кейін пайда болады.

Kaspi.kz мобильдік қосымшасы

Берешекті төлеудің бұл түрі, әсіресе жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ыңғайлы.

Қолданбаға кіргеннен кейін:

«Төлемдер», «Барлығы», «Айыппұл, салық», «Салық», «Салық бойынша борыш» бөлімдеріне кіріңіз.

ЖСН қолмен немесе Жеке Куәлігіңізден сканерлеу арқылы енгізіңіз.

«Тексеру» түймесін басыңыз.

Салық түрлері мен сомалары, сондай-ақ егер өсімпұл пайда болған жағдайда соммалары шығады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 - 2025