Цойға арналған арт-объект Freedom Ticketon Awards 2024 жаңа дауыс беру номинациясында көш бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Freedom Ticket Awards 2024 үміткерлеріне дауыс беру үш аптадан бері жүріп жатыр. Отандастар еліміздің мәдениет пен өнер саласының ең жарқын, талантты өкілдеріне өз дауыстарын беруде. Бүгінге дейін қазақстандықтар өздерінің кумирлеріне 72 496-дан астам дауыс беріп үлгерді. Кеше ғана марапатқа үміткерлер үшін 5218 дауыс саналған. Дауыс беру 3 наурызда басталды және 15 сәуірге дейін жалғасады. Номинациялар бойынша жеңімпаздардың есімдері салтанатты марапаттау рәсімі аясында жарияланады. Ол сәуір айының соңында жаңа әрі ерекше форматта өтпек.
Қазіргі таңда Рамазан Амантай 1030 дауыспен «Жыл киноактері» категориясында көш бастап тұр. Ол кинематографияға қосқан үлесі үшін «Серпер» сыйлығының иегері атанған қазақстандық актер. «Қазақстандағы жыл концерті» номинациясында Димаш Құдайбергеннің Астанада өткен шоуы 2717 дауыс жинап, алда келеді. Айта кету керек, бұл шара «Әлемдік маңыздылық» категориясы бойынша көшбасшылықты жалғастыруда.
«Жылдың үздік отандық фильмі» аталымында «Приговор» қазақ-қырғыз драмасы 619 дауыс жинап, бірінші орында тұр. Фильмнің сюжеті жүйеге қарсы күресуге бел буған екі баланың оқиғасына құрылған. Жазира Еркін «Жыл киноактрисасы» номинациясында дауыс саны (906) бойынша ТОП-ты сақтап қалды. Қазақ актрисасы «Айжан», «Таптым-ау сені», «Солай болып қалды» фильмдерінде ойнаған. Сыншылар болашақта көрермендерді жаңа жарқын рөлдермен қуантуға барлық мүмкіндігі бар актрисаның үлкен әлеуетін атап өтеді.
Биылғы жаңа ART номинациясы «Жыл көрмесі», «Жыл мұражайы», «Жыл Арт-объектісі» номинацияларымен ұсынылған. «Жыл Арт-объектісі» номинациясы бойынша үміткер Виктор Цойға арналған аңызға айналған локация бүгінгі күнге дейін ең көп дауыс жинады. Бұл жер «Ине» культтік фильміндегі Виктор Цоймен әйгілі төбелес сахнасы түсірілген жер. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен әртістің шығармашылығын сүйетіндер үшін мәдени тартымды орынға айналды.
Үздік жетістіктерімен атын шығарып үлгерген марапаттың ең жас қатысушылары да жұртшылықтың назарын аударды. «Жас таланттар» категориясы бойынша балалар номинациясында дауыс саны бойынша көшбасшы «Jas Tolqyn» беделді республикалық байқауының Гран-при иегері Санбаев Айбар орнын сақтап қалды. Дауыс саны бойынша екінші орында «Челси» футбол клубымен келісімшартқа отырған жас футболшы Дастан Сатбаев. «ART» және «Жас таланттар» жаңа номинацияларындағы үміткерлер белсенді түрде дауыс жинап жатқанын көру қызық. Жаңа спорт жұлдызымыз Дастан Сатбаев өткен аптада дауыс саны бойынша 4-орында болса, енді сенімді түрде екінші орынды иеленді.
Біз барша қазақстандықтарды өздерінің кумирлері үшін белсендірек дауыс беруге шақырамыз. Сіздердің дауыстарыңыз елдің бұқаралық мәдени іс-шаралар индустриясын қалыптастырады. Біз бірлесе еліміздің концерттік алаңдарында көргісі келетін жұлдыздар мен іс-шаралар тізімін кеңейте отырып, осы саланы дамытуға және нығайтуға атсалысамыз», - деп атап өтті Freedom Ticketon онлайн билеттерді сату қызметінің бас директоры Виктория Торгунакова.
Қазақстанның өнер және мәдениет саласындағы сегізінші және ең ірі премиясы – Freedom Ticketon Awards бойынша дауыс беру 15 сәуірге дейін жалғасады. Кез келген қазақстандық Қазақстанның мәдениет, спорт және ойын-сауық саласына ең көп үлес қосып жүргендерді таңдау арқылы дауыс беру үдерісіне әсер ете алады. Сілтеме арқылы өз дауысыңызды бере аласыз https://award.ticketon.kz/ .
Бұл жолы отандық мәдениет пен шоу-бизнестің 250-ге жуық өкілі 27 номинация бойынша жеңіске таласатын болады. Шара 2024 жылдың түрлі жанрлар бойынша үздік өкілдерін анықтайды, дарындыларды ынталандырады, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға аударуға көмектеседі.