БҰҰ сарапшылары мен KazAID шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады

3938
Фотосурет: freepik.com

KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

KazAID кеңсесінде Кавказ бен Орталық Азиядағы шегірткеге қарсы күрес бағдарламасы бойынша өңірлік миссия шеңберінде келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшыларымен кездесу өтті.

KazAID

Талқылау барысында өзекті сын-қатерлер, шегірткеге қарсы күрестің басым қажеттіліктері, сондай-ақ хабардарлықты арттыру және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.

KazAID азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.

KazAID

Кездесу ФАО-ның Қазақстаннан, Римнен және өңірлік кеңседен келген жетекші мамандарының қатысуымен өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -