Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

3685
Фотосурет: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Софья Самоделкина өзінің алғашқы әлем чемпионатында бақ сынады. Нәтижесінде ол әлемнің ең үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кіріп, Қазақстан құрамасынан бірінші болып 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпия ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатындағы әйелдер бәсекесіне араға алты жыл салып ұлттық құрама мүшесі алғаш рет қатысты. Жарыстың еркін бағдарламасында 24 спортшы бақ сынап, әлем чемпионы атағын және қысқы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін сынға түсті.

Мәнерлеп сырғанау

Айта кетейік, Софья Самоделкина жуырда Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында да өнер көрсетіп, қола жүлдеге бір қадам жетпей, ақ Азиаданы 4-орынмен аяқтаған еді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -