Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.