Қазақстан авиация мамандарын даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізуде

4290
Фотосурет: Gov

Азаматтық авиация академиясында Көлік министрі Марат Қарабаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ авиакәсіпорындар мен әріптестік ұйымдардың басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген отырысы және салалық кеңес өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қатысушылар авиациялық персоналды даярлаудың стратегиялық бағыттарын, білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға бейімдеуді және саладағы кадр тапшылығын еңсеру жөніндегі шараларды талқылады.

Жыл сайын салаға 600-ден астам маман қажет. Олардың қатарында ұшқыштар, инженерлер, диспетчерлер, логистер, қауіпсіздік және пилотсыз жүйе мамандары бар. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ШҚО-дағы Зайсан және Қатонқарағай аудандарында екі жаңа әуежай құрылысын бастап кеттік. Осыған ұқсас жұмыстар Маңғыстау облысындағы Кендірліде де басталады. Бұдан басқа, Арқалық қаласы әуежайының қызметін қалпына келтіру қажет. Жаңа әуежайлар келешекте 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл үшін әрине өз ісінің мамандары керек» Марат Қарабаев

Академия - Қазақстандағы ICAO, IATA, AVSEC стандарттары бойынша мамандар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда мұнда бакалаврлар, магистрлер мен докторанттарды қосқанда 2000-нан астам студент оқиды.

Академия білім беру моделін трансформациялау бойынша негізгі бастамаларды ұсынды: EASA (Part-FCL және part-66) стандарттарын енгізу, бағдарламаларды ағылшын тілінде іске қосу, ұшқышсыз авиациялық жүйелер орталығын дамыту, оқытуды цифрландыру және дуальды форматты кеңейту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -