1,5 млрд теңгелік жоба: Прокуратура отандық инвестордың құқықтарын қорғап қалды

3773
Фотосурет: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы 40-тан астам жұмыс орнын қамтып, құны 1,5 млрд теңгеден асатын кеңсе қағазын өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан отандық инвестордың құқығын қорғады.  

Атап айтқанда, Үкіметтің 13.10.2023 жылғы №904 қаулысының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу кезінде жазу, басып шығару немесе басқа графикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын қағазды тек тізілімге енгізілген отандық өндірушілерден сатып алу қажет.

Алайда жүргізілген талдау 100-ден астам мемлекеттік ұйымның жоғарыда көрсетілген қаулының нормаларын сақтамайтынын көрсетті.

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес аталған тәжірибе тоқтатылды, бұл кеңсе қағаздарын өндіру саласындағы отандық өндірушінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, 99 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.

Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -