ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астана, Павлодар қалаларының, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Министрге нысанды пайдалануға беру, тұрғын үй бөлу және жеңілдетілген несиелер санын арттыру мәселелері бойынша жүгінді. Қатысушылар мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары туралы айтып, сондай-ақ Түпкі пайдаланушы сертификатын алу тәртібіне қатысты ұсыныстарын білдірді.
Министр өз кезегінде азаматтарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ қабылдау қорытындысы бойынша Өнеркәсіп, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, Геология комитеттерінің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.