Прокуратура қылмыстық есірткі тобының әрекетіне тосқауыл қойды

4136
Фотосурет: Gov

Ағымдағы жылғы қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қылмыстық істі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасына тапсырылды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері де кірді.

Ағымдағы жылғы 28 наурызда тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық істің екі эпизоды бойынша қатысы бар адамдар ұсталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотпен оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде 1,174 млрд теңге және 176 мың АҚШ доллары алынды.

Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.

Тергеп-тексеру барысы облыс прокурорының қатаң бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -