ҚР ТЖМ құтқарушылары «Шымбұлақта» жоғары дайындық деңгейін көрсетті

4202
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай және тұрғындар арасында құтқарушылардың имиджін арттыру мақсатында Алматы қаласы ТЖ департаменті теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінен шаңғымен және сноубордпен түсу бірегей күш сынағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

  Челлендждің басты ерекшелігі Алматының үш өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары салмағы 30 кг-нан асатын толық жауынгерлік экипировкамен күрделі түсуді еңсерді.

  Бұл сынақ челленджі қатысушылардың дене шынықтыру сынағы ғана емес, олардың төзімділігінің, ақыл-ойының және кәсібилігінің тамаша үлгісі де болды. Құтқарушылар тауда, суда және құрлықта орын алған кез келген төтенше жағдайлар кезінде  адамдардың өмірін құтқаруға дайын екенін көрсетті.

  Сонымен қатар бұған дейін құтқарушылар 842 сатыдан тұратын «Медеу» биік таулы кешеніне баспалдақпен көтеріліп, бірегей сынақ өткізгенін атап өткен жөн.

  Бұл оқиға кез келген төтенше жағдайларда Қазақстан құтқарушыларының дайындығы мен кәсібилігінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -