Алматы қаласында орналасқан Армияның орталық спорт клубының базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған самбодан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бәсекеге толы күрестің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – АОСК, 2 орын – Ұлттық ұлан, 3 орын – Арнайы операциялар күштері.
Командалық жетістіктерден бөлек, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жекелей сында да жоғары нәтижелер көрсетті:
- 71 кг дейінгі санатта қатардағы Нұрсейітов Нұрсұлтан (6654 әскери бөлімі) 3 орын;
- 98 кг жоғары санатта қатардағы Санжар Жабборов (5573 әскери бөлімі) 3 орын;
- 88 кг дейінгі санатта қатардағы Қуанов Азат (6655 әскери бөлімі) 1 орын;
- 98 кг дейінгі санатта қатардағы Болат Сапар (5451 әскери бөлімі) 1 орын иеленді.
Жеңімпаздар жарыс туралы әсерімен де бөлісті.
Чемпионатқа дайындық өте қарқынды болды, соның нәтижесін көрдік. Бұл турнир мен үшін күш пен рухтың сынағы ғана емес, сонымен қатар Ұлттық ұланның намысын қорғауға мүмкіндік берді. Мен Бас қолбасшылық пен жаттықтырушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын Деді чемпион Азат Қуанов
Еске салайық, турнирдің құрметті қонақтары қатарында ҚР Парламентінің депутаттары, күш құрылымдарының басшылары мен танымал спортшылар болды. Жарысқа еліміздің күштік ведомстволарының түрлі құрылымдарынан 28 команда қатысты.
Ұлттық ұлан өкілдері жауынгерлік рух пен мызғымас ерік-жігер көрсетіп, әрқашан жеңіске жетуге дайын екендіктерін байқатты.