Ақтөбелік жауынгер самбодан чемпион атанды

4235
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің жауынгері, ефрейтор Азат Қуанов спорттық самбодан өткен республикалық чемпионатта топ жарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың 26-31 наурызы аралығында Алматы қаласында ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскерлері және әскери құрылымдары арасында спорттық самбодан ел біріншілігі өтті.

Байрақты бәсекеде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азат Қуанов қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл жеңіс – жауынгердің тек спорттағы ғана емес, әскери дайындықтағы жоғары деңгейін көрсететін жетістік.

Ефрейтор Қуановтың табандылығы мен шеберлігі оның әскери қызметте де, спорт аренасында да биік белестерді бағындыруға қабілетті екенін дәлелдеді.

Азат Қуановты жеңісімен құттықтай отырып, оған болашақта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -