Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатына кім барады?

3586
Фотосурет: Gov

Алматыда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен ашық чемпионат аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ең мықты деген балуандар турнирі Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының филиалында өтті.

300-ден астам спортшы қатысқан жарыста Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ведомстволық оқу орындарының спортшылары чемпион атағын сарапқа салды. Оның ішінде  халықаралық дәрежедегі 11спорт шебері, 52 спорт шебері және бірнеше спорт шеберіне үміткерлер бар.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының құрамасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының балуандары иелсенсе, Ұлттық ұлан командасы үшінші орынға табан тіреді.

Қазақ күресінен өткен сайыста жеке есепте 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекжан Төлепов (АОСК), 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Сүлеймен (АОСК), 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әшім Сағындық (Мемлекеттік күзет қызметі), 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұмажан Қожамбеков (АОСК), 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ахметқали Әділет (Ұлттық ұлан), 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдар Бескемпір («Оңтүстік» ӨңҚ), 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Құдірет Досымов (Әскери полиция бас басқармасы) және100 келіден астам салмақ дәрежесінде Ғалымжан Қырықбай (АОСК) чемпион атанды.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов атап өткендей, турнир жеңімпаздары биылғы 12-16 тамыз аралығында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен Астанада өтетін әлем чемпионатында сынға түседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -