Әскерилер Миялы ауылындағы жұмыстарды аяқтады

3696
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұландықтар су тасқынына қарсы жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызылқоға ауданының Миялы ауылында су тасқынының алдын алу шараларына қатысқан Ұлттық ұлан сарбаздарына құрмет көрсетілді.

Олар он күн бойы Ойыл өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізіп, шамамен 10 мың қап құм толтырып, қауіпті аймақтарды нығайтуға үлес қосты.

Атыраудағы 5546 әскери бөлімінен келген алпысқа жуық сарбаз 20 наурыздан бастап өзен жағалауын бекітумен айналысты. Олар тасқынның алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарып, бүгінде өз әскери бөлімдеріне қайтты.

Жергілікті әкімдік сарбаздардың еңбегін жоғары бағалап, оларға алғыс білдірді.

Қызметтері үшін сарбаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұлттық ұлан сарбаздарының еңбегі жергілікті тұрғындар үшін зор көмек болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -