Алматы – Гуанчжоу тікелей рейстері: ұшу кестесі мен маңызды мәліметтер

3971
Фотосурет: Air Astana

Air Astana Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 30 наурызда Air Astana Қытайға маршруттық желісін толықтырып, Алматыдан Гуанчжоуға алғашқы рейсін орындады. 161 жолаушымен (жүктемесі 97%) A321LR ұшағы Алматы халықаралық әуежайынан 20:38-де ұшып, жергілікті уақыт бойынша 05:19-да Гуанчжоу-Байюнь халықаралық әуежайына қонды. 

Air Astana аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Гуанчжоуға тұрақты рейстерді орындайды. Жаңа бағыт жолаушыларға саяхат үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Гуанчжоу - Қытайдың ірі іскерлік және туристік орталықтарының бірі. Қала өзінің тағамдарымен, тарихи көрікті жерлерімен және заманауи сәулетімен танымал.

Бұл рейс Қытайға қазіргі рейстерді қосымша толықтырды. Қазіргі таңда Air Astana аптасына Алматы мен Астанадан Бейжіңге аптасына 7 рет, сондай-ақ Алматыдан Үрімшіге аптасына 4 рет қатынайды. 

Қазақстандықтар Қытайда визасыз 30 күнге дейін бола алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -