Су тасқынына дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев және Петропавл су тораптары жөнделді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Су тасқынына дайындық аясында Сергеев және Петропавл су тораптары жөндеуден өтті. Бұл туралы брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайп Ибатуллин мәлімдеді.
Жұмыстардың негізгі бөлігі жағалау нығайту және Сергеев және Петропавл су тораптарының беткейін орнатуға бағытталған. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарында Сергеев су торабы бөгетінің жанында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, 940 текше метр топырақ алынды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің табиғи арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
«19 наурыздан бері Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, мүдделі органдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тюмень облысындағы әріптестерімізбен су қоймаларынан су жіберу және су жинау туралы ақпарат алмасу жүргізілді. Сергеев су қоймасына су тасқыны басталғаннан бері 338,7 млн текше метр су келіп, 222,9 млн текше метр су жіберілді. Петропавл су қоймасына 45,2 млн текше метр су келіп, 46,1 млн текше метр су жіберілді» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайп Ибатуллин