Саян Хамитжанов Туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды.
Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.
Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.