Білім сапасын бағалау: Қазақстанда PISA-2025 зерттеуі басталды

2651
Фотосурет: pixabay.com

2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі өтеді. Оған еліміздің 643 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 24 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды DKnews.kz.

PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы балалардың өмірдегі нақты мәселелерді шешу үшін оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілетін білімалушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. Оны төртжылда 1 рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізеді. 

Зерттеу компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. PISA-2025-тің негізгі бағыты - ғылыми сауаттылық, сонымен қатар инновациялық бағыт. 2025 жылы мұндай бағыт «Цифрлық әлемде оқыту» (Learningin the digital World) болады.

Естеріңізге сала кетейік, PISA-2022 нәтижелері бойынша Қазақстан Математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына енді. Сондай-ақ, Қазақстанның қалалық және селолық жердегі оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтықтығының төмендеуі байқалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -