Алматы Қазақстанда инклюзивті бастамаларды енгізуде көшбасшылар қатарында

2750
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда «Инклюзивті Алматы 2025–2030» тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мақсат – ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау жүйесін құрып, қала өмірінің барлық саласында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Бұл тұжырымдама ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдауға бағытталған барлық қала бастамасын біріктіреді.

  • Биыл 32,5 мың инфрақұрылым нысанын төлқұжаттау жоспарланған.
  • Процесті нақты уақыт режимінде бақылауға арналған мобильді платформа жасалды.
  • 2030 жылға дейін 3,1 мың әлеуметтік нысан бейімделеді.

Қабылданып жатқан шаралар мен қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмаларын орындаудың арқасында Алматы инклюзивті қалалық орта қалыптастыру бойынша Қазақстанда көш бастап тұр.

Негізгі басымдық – кедергілерді жою және қозғалысы шектеулі азаматтарға қолжетімді инфрақұрылым жасау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -