Жамбыл облысында көлік инспекциясы басшысы пара алу бойынша сотталды

3553
Фотосурет: depositphotos.com

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д. Кемеловқа қатысты үкім шығарды.

Шенеунік жүк автомашиналарының иелері мен жүргізушілері М. Мамыровтан, Н. Абдуллаевтан және Е. Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа әрқайсысына 5,6 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -