ЕҰУ колледжінің студенттері маңызды экологиялық мәселелерді талқылады

3608
Фотосурет: ҚР ПІБ Президенттік орталығы

ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір айында «Заманымыздың экологиялық проблемалары: жағдайы және шешу жолдары» тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ колледжінің студенттеріне дәріс өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дәрісте бүкіл Жер экожүйесінің тұтастығы мен құрылымын бұзатын –жаһандық жылыну, озон қабатының бұзылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы және т.б. мәселелер қарастырылды.

Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды: Арал теңізі деңгейінің төмендеуі, Семей ядролық полигонының зардаптарын жою, су мәселесі және т.б.

«Таза Қазақстан» республикалық науқанының жүзеге асырылуы кеңінен талқыланды. Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев бұл экологиялық науқанның азаматтар тарапынан кең қолдау тауып, жалпыхалықтық сипат алғанын атап өтті.

 «Күн жылынып келеді, енді жұрт сенбілікке шығып, айналасын тазалайды. Бұл – өте дұрыс. Мен бұған дейін де айттым, «Таза Қазақстан» – жай науқан емес. Бұл әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет» Қасым-Жомарт Тоқаев

Экологиялық науқанның мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру. Акция еліміздің барлық аймақтарын қамтып, тұрақты экологиялық болашақтың негізін қалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -