Бір рет басу арқылы қаржылық сауаттылық: онлайн курс қазірдің өзінде қол жетімді

3300
Фотосурет: @wirestock / freepik

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Fingramota.kz жобасы аясында Skills Enbek платформасында қаржылық сауаттылық бойынша білім беру курсын іске қосты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сабақтар сілтеме арқылы қолжетімді.

Курс азаматтарға қаржыны басқару негіздерін түсінуге, бюджетті дұрыс жоспарлауға және несие алу кезіндегі тәуекелдерден аулақ болуға көмектеседі.

Курс бағдарламасына «Кредиттеу», «Онлайн-алаяқтардан қорғану», «Қаржылық пирамидалар» және басқа да 9 сабақ кіреді.

Сабақтар тегін және Агенттік пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -