Бюджетке 83 миллиард: Қазақстандағы" Google салығының " нәтижелері

3333
Фотосурет: ©REUTERS

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділетті салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

200-ден астам юрисдикцияның салық әкімшіліктерімен бірлесе отырып, ел аумағында қызмет көрсететін халықаралық онлайн-компаниялардың қызметі бақылауда.

Осы бағыттағы негізгі қадамдардың бірі – 2022 жылы цифрлық қызметтерге салық енгізу болды, ол «Google салығы» деген атаумен танымал. Бұл салық қазақстандық тұтынушыларға цифрлық қызмет көрсететін халықаралық компаниялар үшін тең бәсекелестік жағдай жасайды және мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті арттыруға ықпал етеді.

Кімдер салық төлейді? 

Салық енгізілген сәттен бастап 105 шетелдік компания тіркелді. Олардың ішінде: Twitch InteractiveInc. – қазақстандық геймерлер мен блогерлер арасында танымал ірі стриминг платформасы.

Take-Two Interactive Software, Inc. – Grand Theft Auto, Red Dead Redemption, NBA 2K сияқты танымал ойын франшизаларымен белгілі, әлемдік ойын индустриясының көшбасшыларының бірі.

InGroup International LLC (INCruises) – мүшелік жүйесі арқылы круиздік саяхаттарды ұсынатын халықаралық туристік компания.

1688.com PTELTD. – Alibaba тобына тиесілі, өндірушілер мен бизнес өкілдерін бүкіл әлем бойынша байланыстыратын ең ірі B2B маркетплейстердің бірі.

Нәтижесі қандай? 

Цифрлық қызметтер салығы енгізілген сәттен бастап Қазақстан бюджетіне 83 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл көрсеткіштер тиімді салық әкімшілігін жүргізу мен елдегі цифрлық экономиканың тұрақты өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық цифрлық платформалармен өзара әрекеттесу және салықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді жалғастырып, ашықтықты, әділетті салық салуды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -