Қате көрсетілген мемлекеттік нөмірлер бұдан былай CargoRuqsat арқылы өтпейді

4906
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 5 сәуірден бастап «CargoRuqsat» электрондық кезек жүйесінде жаңа ережелер күшіне енеді: мемлекеттік нөмірлері дұрыс көрсетілмеген автокөлік құралдарын брондау автоматты түрде, ескертусіз жойылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңа өзгерістер кейбір шетелдік тасымалдаушылардың өз автокөлік құралдарының (бұдан әрі – АКҚ) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) әдейі бұрмалап (мысалы, артық таңбалар қосу арқылы) қолдан жасауы себепті енгізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шетел мемлекеттерінің деректер базаларымен интеграция болмаған жағдайда электрондық сервис форматтық-логикалық бақылауды онлайн режімде жүзеге асыра алмайды. Бұл пайдаланушыларға алымдарды төлемей, ережелерді бұза отырып жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Осындай жағдайлар жалған мәліметтерді құжаттарға енгізу арқылы сақтандыру полистерін ресімдеу кезінде де тіркелген.

Ведомство брондау кезіндегі МТНБ көлік құралын тіркеу туралы куәлікте (бұдан әрі – КҚТК) көрсетілген нөмірмен дәл сәйкес келуі тиіс екенін еске салды. Егер мәліметтер сәйкес келмесе – брондау автоматты түрде жойылады, бұл нөмірдегі қателіктер арқылы міндетті төлемдерден жалтаруға жол бермейді.

Сонымен қатар, тексерулер барысында бірдей VIN-коды бар, бірақ әртүрлі мемлекеттік нөмірлері көрсетілген АКҚ-терді брондау фактілері анықталды. Мұндай схеманы отандық тасымалдаушылар қолданған және бұл да белгіленген талаптардан жалтаруға мүмкіндік берген.

Мұндай алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында жүйеге автокөлік құралының VIN-кодын тексеру функциясы енгізілді. Егер осы VIN-код бойынша белсенді брондау болса, жаңа бронь жасау мүмкін емес. Кезекке тұру үшін алдымен алдыңғы брондауды жою қажет.

Шетелдік тасымалдаушылар брондауды рәсімдеуден бұрын енгізілетін деректерді мұқият тексеруі тиіс, себебі жүйеде шетелдік мемлекеттердің дерекқорларымен интеграция жоқ, ал ақпараттағы қателер броньның жойылуына әкелуі мүмкін. Сұрақтар туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына жүгінуге болады.

Жаңа шаралар жүйенің ашықтығын арттыруға және тасымал процессіне қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -