"Біз жарақатты бірден таңдық": ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды

4741
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Алматы тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде қырағылықтың бірнеше мысалын көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңызды оқиғалардың бірі Наурызбай ауданында орын алды. Мегаполис тыныштығын қадағалап жүрген сарбаздар өздерін күдікті ұстаған жастар тобына назар аударады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.

Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың шешуші әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұландықтар сол күні Медеу ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Пушкин көшесін патрульдеу кезінде әскери қызметшілер үсті қан адамды байқап, көмекке барады. Жәбірленушінің жамбасындағы терең кесілген жарадан қан қатты кетіп жатқанын көреді. Әскерилер оны белгісіз азамат пышақтағанын анықтайды.

Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Біз қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел келді. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті" әскери жасақ бастығы Аян Бимырза

Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқара отырып, ұландықтар құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, Қазақстан халқына және анттарына адалдығын көрсете отырып, азаматтарға көмек көрсетуге әрқашан дайын екендіктерін дәлелдеп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -