Марқакөл, Шемонаиха және Глубокое ТЖМ бақылауында

4180
Фотосурет: Gov

Шыңғыс Әрінов ШҚО-ның су тасқыны қаупі бар аудандарын тексерді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Нұрымбет Сақтағановпен бірге Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жүргізді. Мониторинг шеңберінде су басу қаупі бар аумақтарға, оның ішінде Марқакөл, Глубокое және Шемонаиха аудандарына аэровизуалды барлау жүргізілді.

  Жедел деректер бойынша облыстың шамамен  70% аумағында әлі де қар жатыр. Өзендердегі  мұз ыдырағанымен, гидрометеорологиялық жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.

 Министр осы кезеңдегі басты міндет тәуекелдерге жедел ден қою және алдын алу болып табылатынын айтып.

"Тәулік бойы мониторинг қамтамасыз етілді. Барлық күштер мен құралдар дайын. Біз тез, үйлесімді және алдын ала әрекет етуіміз керек" Шыңғыс Әрінов

  Су тасқыны тәуекелдерін азайту мақсатында жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр 16 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 387 мың текше метр қар шығарылды, 4940 су өткізу құрылысы, 550 шақырым арықтар мен каналдар тазартылды, 437 көпірде жұмыстар жүргізілді.

  Бөгендерді нығайту және жедел ден қою үшін 10,3 мың тонна инертті материал, 299 тонна отын және 91 мыңнан астам қап қажетті резерві құрылды.

  Су тасқыны жағдайын бақылау және ықтимал салдарларды жою бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Жағдай ТЖМ-ның толық бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -