Жолдағы қауіпсіздік: дрондар Қарағанды – Балқаш тасжолын патрульдейді

2640
Фотосурет: Gov

Қарағанды – Балқаш тас жолындағы қауіпсіздікті дрондар қадағалайтын болады. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментінен хабарлады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Патрульдік полицейлер ұшу құралдарын келесі аптадан бастап пайдалана бастайды. Қазір трасса бойында жүргізушілерді дрондармен патрульдеу туралы ақпараттандыратын арнайы белгілер орнатылуда.

– Бізге дрондарды сатып алудың қажеті жоқ: полицияның балансында бұл құрылғылар бар. Олардың көмегімен патрульдеушілер тәртіп бұзушыларды анықтай алады. Мысалы, қарсы жолаққа шыққандар, рұқтас етілмеген жерге бұрылғандар, жолда жүру кезінде басымдық қағидаларын сақтамайтындар және т. б. Тәртіп бұзушылық анықталғаннан кейін жүргізушіні патруль тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, – дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Полицияның пайымдауынша, әуеде патрульдеу жазғы уақытта қарқынды трассада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ІІД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов атап өткендей, ұшқыш аппараттарды пайдаланудың негізгі мақсаты барынша көп айыппұл төлеу емес. Жүргізушілерді ЖҚЕ сақтауға ынталандыру және апаттар санын азайту үшін инновациялық техниканы қолдану туралы шешім қабылданды.

Жолдарды дәстүрлі патрульдеу де қалыпты режимде жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -